Мектеп туралы

Мектеп туралы ақпарат

   Жазба құжаттарды консервациялау және қалпына келтіру Мектебі Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы базасында құрылған.
   Мектеп кітапхана, мұражай, және мұрағат мамандары үшін мемлекеттің қорларды сақтауды қамтамасыз ету саясатын  жүзеге асырушы  білім платформасы болып табылады. Мектептің негізі Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының  Қалпына келтіру, консервация және түптеу қызметі болып табылады.
   Мақсаты: Қазақстан  халықтарының  құжаттық мұрасын сақтау.

   Міндеттері:
• Қазақстанның  әмбебап қорларын сақтауды сауатты және кәсіби тұрғыдан  жүргізуге үйрету. ИФЛА-ның «Сақтау және консервация» негізгі бағдарламасының мақсаттарымен және міндеттерімен таныстыру. 
• Қорларды сақтау жұмыстары барысында дәстүрлі және заманауи технологияларды  меңгеруді және  ғылыми жетістіктерді жетілдіру.
• Болашақ ұрпақ үшін жазба құжаттарды және Қазақстанның барлық қорларын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында  сақтау және консервация жұмысының жаңарған түсінігін қалыптастыру.
• Жазба құжаттарды қалпына келтіру саласындағы алдыңғы қатарлы әлемдік тәжірибелерді және жаңашылдықтарды енгізу және насихаттау.
• Консерваторлар мен қорларды сақтаушылардың кәсіби біліктіліктерін арттыру және жазба құжаттарды қалпына келтірушілердің  кәсіби шеберлігін жетілдіру.
   Мектеп өзінің кәсіби білімін көтеруге ниет білдіруші кітапхана, мұрағат, және мұражай қорларын сақтаушы және қалпына келтіруші мамандар тобын қабылдайды. Оқыту барысында консервация, баспа және қолжазба құжаттарды, шығыс және батыс европалық кітаптарды және т.б. қайта қалпына келтіру бойынша курстар ұсынылады. Оқыту аяқталғаннан кейін куәлік  беріледі.

Тапсырыстар қабылданады:
Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы.
Қазақстан, 050013,
Алматы қ., Абая д-лы, 14,
e-mail:  org@nlrk.kz
тел./факс: +7(7272) 67-28-83; 267-31-82; 272-06-19