Жаңалықтар

  28.04.15
 

   2015 жылы 23-24 сәуірде Бурсы қаласының (Турция) Қолжазбалар институтының реставраторы, тарих магистрі, көне кітаптар жөніндегі  маманы Гузрель Билмиз Жазба құжаттарды консервациялау және түптеу мектебіне  сапармен келді. Кездесу барысында Ұлттық кітапхананың қалпына келтіру, консервация және түптеу қызметінің реставраторларына шеберлік кластар ұйымдастырып, өткізді.

   Гузрель Билмиз Турция еліндегі реставратор орталықтары  туралы, ескі кітаптар және қолжазбаларды консервациялау жұмысын, қалпына келтірілген кітаптарды  бағалау, манускриптерді, шығыс қолжазбаларының жазылу тарихи деректерін зерделеу, шығыс құжаттарында берілген мөрлер мен түбіртектердің ерекшеліктерін баяндап берді. Гузрель Билмиз Турцияның Бурсы қаласындағы Қолжазбалар институтында сирек кітаптармен жүргізілген тәжірибелік жұмыстармен таныстыра отырып, қызметкерлерге шеберлік класс өткізді. Кітапхана мамандары жұмыс барысында әріптесінен тәжірибе алып, ризашылықтарын білдіріп, алдағы уақытта бірлесіп жұмыс атқаруға сенімдерін білдірді.    

  

   


 

 


«« | »» « Артқа | Барлық жаңалықтар
  Соңғы жаңалықтар
16.04.18 Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының  Қалпына келтіру, консервация және түптеу қызметі Қазақстанның кітапханаларына, мұражайларына және мұрағаттарына  құжаттарды сақтау, консервация және қалпына келтіру салалары бойынша барлық қызықтырар сұрақтарға онлайн-кеңес береді.
02.03.18 2018 жылғы 12 -23 ақпанда «Ғылым ордасы» РМК  орталық  ғылыми кітапханасының (Алматы қ.) маманы Нильфар Патешова Жазба құжаттарды консервациялау және қалпына келтіру мектебінде тағылымдамадан өтті.
05.01.18 Жаңа жылыңызбен!