Жаңалықтар

  13.07.16
 

   2016 жылғы 1-2 шілдеде Қалпына келтіру, консервация және түптеу қызметінің маманы А.М.Өмірбаева Батыс Қазақстан облысының  кітапханаларында  кітаптарды  қалпына  келтіру бойынша көшпелі шеберлік-сабақтар  өткізді.

   Шеберлік-сабақ Зеленов ауданының Переметное селосында өткізіліп, қалпына келтіру жұмысының бірнеше үдерістері көрсетілді. Сондай-ақ,  шеберлік-сабаққа қатысушылар қалпына келтіру материалдары мен құрал-жабдықтармен танысты.
   Екінші шеберлік-сабақ  Бөрлі ауданының Ақсай қаласында өтті. Шеберлік-сабақты өткізу барысында А.М. Өмірбаева қауіпсіздік шаралары, кітаптарды зарарсыздандыру және биоцидпен  өңдеу жайында, сонымен бірге қағаздың құрамы мен сия, тері мен түптеу материалдары жайында мағлұмат берді. Шеберлік-сабаққа Батыс Қазақстан облысының 11  кітапханасының мамандары қатысты. Қатысушылар қалпына келтіру-түптеу жұмысына қызығушылық танытып, Ұлттық кітапхана жанындағы Жазба құжаттарды консервациялау  және қалпына келтіру мектебінде оқып-үйренуге және бірлесіп тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеуге ниет білдірді. 

  



«« | »» « Артқа | Барлық жаңалықтар
  Соңғы жаңалықтар
21.11.16 2016 жылғы 26 қазанда Катар ұлттық кітапханасының консервация бөлімімен кітап қоймасындағы биоауа мониторингісін жүргізетін CHECK'AIR құрылғысын көрсету бойынша онлайн-тұсаукесері өтті.
26.09.16 2016 жылғы 13-23 қыркүйекте Жазба құжаттарды консервациялау және қалпына келтіру мектебінде Отырар археологиялық қорық-мұражайының суретші - реставраторы Ж.А.Ерімбетов оқу курсынан өтті.
25.08.16 2016 жылғы 11-22 шілдеде Жазба құжаттарды консервациялау және қалпына келтіру Мектебінде Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету және қорларды сақтау бөлімінің  меңгерушісі  Г.Ш. Ұзынжасова оқу курсынан өтті.