Жаңалықтар

  25.08.16
 

   2016 жылғы 11-22 шілдеде Жазба құжаттарды консервациялау және қалпына келтіру Мектебінде Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету және қорларды сақтау бөлімінің меңгерушісі Г.Ш. Ұзынжасова оқу курсынан өтті.
   Оқу барысында құжаттарды консервациялау және қалпына келтіру, қорларды сақтау режимі, құжаттарды тұрақтандыру, кітаптарды зарарсыздандыру және химиялық өңдеу, тазалау әдістері және т.б. бойынша дәріс тыңдады. Тәжірибелік жұмыс өзімен әкелінген құжатқа жүргізілді. Кітаптар және ноталық басылымдарды қалпына келтіру және түптеу әдістерін игерді. Оқу курсы аяқталғаннан кейін, Мектепте тәжірибеден өткендігі және кітапхана кітаптарын қалпына келтіру, түптеу жұмыстарының әдістерін игергені туралы куәлік тапсырылды.

   
 
  
 


«« | »» « Артқа | Барлық жаңалықтар
  Соңғы жаңалықтар
04.10.17 2017 жылғы 26 - 29 қыркүйек аралығында ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Ж.Т.Сейдуманов және Қалпына келтіру, консервация және түптеу қызметінің жетекшісі Б.Ш.Сарсенбаева Ереван қаласында орналасқан (Армения) Матенадаранда өткен «Лики памяти. Новейшие технологии сохранения и восстановления рукописного и печатного наследия» атты VΙΙ Халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинарға қатысты.
07.09.17 2017 жылғы 26 тамыз - 2 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қалпына келтіру, консервациялау және түптеу қызметінің мамандары Б.Ж.Быдышев пен С.С.Ботабеков  Иран Ислам Республикасында (Тегеран) «Қағаз көздерін сақтау және қалпына келтіру теориясы мен тәжірибесі» тақырыбындағы тағылымдамадан өтті.
20.06.17 2017 жылы 14 маусымда Түркияның Туризм және мәдениет министрлігі Қолжазба мұралары депертаменті басқармасының басшысы Кутан Хусейн Жазба құжаттарды консервациялау және қалпына келтіру мектебінде болды.