Жаңалықтар

  26.09.16
 

   2016 жылғы 13-23 қыркүйекте Жазба құжаттарды консервациялау және қалпына келтіру мектебінде Отырар археологиялық қорық-мұражайының суретші - реставраторы Ж.А.Ерімбетов оқу курсынан өтті.

   Оқу барысында ол құжаттарды ғылыми консервациялаудың теориялық және тәжірибелік білімін(температуралық-ылғалдылық, жарық, кітап сақтау қорының санитарлық-гигиеналық режимі, превентивті-фазалық консервация, бүлінген құжаттарды тазалау, құжаттарды биологиялық және химиялық тұрақтандыру), сонымен қатар өзінің кітаптарына қалпына келтіру-түптеу жұмысын: желім дайындауды, парақтарды қалпына келтіруді, түптеу дайындауды, терімен түптеуді жасап үйренді.
   Оқу курсы аяқталғаннан кейін Ж.А.Ерімбетовке куәлік тапсырылды және алдағы уақытта сирек және қағаз негізіндегі бағалы құжаттармен бірлесіп жұмыс атқаруға сенім білдірілді.

  

  

  


«« | »» « Артқа | Барлық жаңалықтар
  Соңғы жаңалықтар
04.10.17 2017 жылғы 26 - 29 қыркүйек аралығында ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Ж.Т.Сейдуманов және Қалпына келтіру, консервация және түптеу қызметінің жетекшісі Б.Ш.Сарсенбаева Ереван қаласында орналасқан (Армения) Матенадаранда өткен «Лики памяти. Новейшие технологии сохранения и восстановления рукописного и печатного наследия» атты VΙΙ Халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинарға қатысты.
07.09.17 2017 жылғы 26 тамыз - 2 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қалпына келтіру, консервациялау және түптеу қызметінің мамандары Б.Ж.Быдышев пен С.С.Ботабеков  Иран Ислам Республикасында (Тегеран) «Қағаз көздерін сақтау және қалпына келтіру теориясы мен тәжірибесі» тақырыбындағы тағылымдамадан өтті.
20.06.17 2017 жылы 14 маусымда Түркияның Туризм және мәдениет министрлігі Қолжазба мұралары депертаменті басқармасының басшысы Кутан Хусейн Жазба құжаттарды консервациялау және қалпына келтіру мектебінде болды.