Жаңалықтар

  02.03.18
 

   2018 жылғы 12 -23 ақпанда «Ғылым ордасы» РМК  орталық  ғылыми кітапханасының (Алматы қ.) маманы Нильфар Патешова Жазба құжаттарды консервациялау және қалпына келтіру мектебінде тағылымдамадан өтті.

   Оқу үдерісі консервациялау және қалпына келтіріп түптеу жұмысы бойынша теориялық, сондай-ақ  тәжірибелік сабақтардан тұрады. Оқу  барысында физикалық-химиялық және биологиялық тұрақтандыру, құжаттарды ғылыми сақтау; сақтау режимі, температура-ылғалдылық, жарық, санитарлық- гигиеналық;  қоршаған ортаның параметрлерін бақылау, әсіресе сирек кітаптар мен қолжазбаларды қалпына келтіру, былғары түптеуді қалпына келтіру және жөндеу, қалпына келтіру  үдерістерінде графикалық бағдарламаларды қолдану, мәрмәр қағаздарын дайындау және т.б.сияқты тақырыптар игерілді.
   Патешова Н. мұралық құжаттарды сақтауға  арналған технологияларды меңгергені туралы Куәлік алды. Нильфар Патешова осы мектептің жұмысының қажеттігі мен маңыздылығын атап өтіп, болашақта өзара кәсіби қарым-қатынас жасауға ниет білдірді.

     

                                      


«« | »» « Артқа | Барлық жаңалықтар
  Соңғы жаңалықтар
19.10.18 2018 жылғы 8-19 қазан аралығында Жазба құжаттарды консервациялау және қалпына келтіру мектебінде Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы кітапханасының жетекшісі Б.Д. Дүйсекова тағылымдамадан өтті.   
15.09.18 2018 жылдың 11-15 қыркүйегі аралығында Қ.Р Ұлттық кітапханасының қалпына келтіру, консервация  және түптеу қызметінің жоғары деңгейлі кітапханашысы Нұрғазы Шалқар және қорларды сақтау қызметінің жоғары дәрежелі, жоғары деңгейлі кітапханашысы Тоқтарова Жанар Армения елінің астанасы Ереван қаласындағы Матенедаран деп аталатын көне қолжазбалар институтында өткен «Лики Памяти. Новейшие технологии сохранения и восстановления рукописного и печатного наследия» атты VIII Халықаралық ғылыми-тәжірибе...
13.09.18 2018 жылғы 13-14 қыркүйек аралығында ҚР Ұлттық кітапханасында өткен Бүкілқазақстандық кітапханашылар сьезі аясында құжаттарды консервациялау және қалпына келтіру бойынша Ресейден және Түркиядан келген қалпына келтірушілердің қатысуымен секция өтті. Сонымен қатар, Орталық Азиялық Аймақтық Орталығының ИФЛА/ПАК кездесулері өтті.