Жаңалықтар

  13.09.18
 
   2018 жылғы 13-14 қыркүйек аралығында ҚР Ұлттық кітапханасында өткен Бүкілқазақстандық кітапханашылар сьезі аясында құжаттарды консервациялау және қалпына келтіру бойынша Ресейден және Түркиядан келген қалпына келтірушілердің қатысуымен секция өтті. Сонымен қатар, Орталық Азиялық Аймақтық Орталығының ИФЛА/ПАК кездесулері өтті.
 
   Секция жұмыстарына әр елдің ұлттық кітапханаларының өкілдері, Орталық-Азия аймағынан (Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғыстан) Қазақстандық ОӘҒК және т.б ұйымдар қатысты.
   «Фиркович жинағынан шығыс қолжазбаларды машина әдісімен қалпына келтіру» презентациясын қалпына келтірушілер Куликова Н.А. мен Зданевич А.А. көрсетті. Көне кітаптар топтамасы мен технологияларды қолдану жұмыстарын Федералдық орталықтан консервация, кітапхана қорынан (ФОККҚ) мен Ресей ұлттық кітапханасы Санкт-Петербург қаласының мамандары көрсетті.
Стамбул қаласының Сүлеймания кітапханасының қалпына келтіруші маманы  Нил Байдар «Сақтау мен зерттеуді және Түркия қолжазбаларын қалпына келтіру» презентациясын оқыды. «Қағаздың қышқылдығын жаппай бейтараптандыру» презентациясын  Рыженков П.С. көрсетті. «Тенология» компаниясы сату бөлімінің директоры заманауи технологияларды меңгеруді ғана емес, сондай-ақ Еуропа елдерінде кітаптарды концерциялауда қолданылатын Буккипер технологиясын  жеделдетіп өзінің аймағына енгізуді түсіндірді. Өзбекстан Ұлттық кітапханасының қолжазбалар мен бірегей және аса құнды кітаптар қызметінің жетекшісі Заитова Н.С. да өзінің жұмысын және «Өзбекстан Ұлттық кітапханасы қолжазбалар қорының негізгі бағыттарын әрекеттерінің басылымдары» тақырыбында презентациясын көрсетті. Сондай-ақ, Тәжікстан Ұлттық кітапханасы консервациялау және қалпына келтіру бөлімінің маманы Мурадова Д.К «Тәжікстан Ұлттық кітапханасының кітапхана қорларын сақтау» тақырыбында презентациясын көрсетті. Қырғыстан Ұлттық кітапханасы қорларды сақтау бөлімінің жетекшісі Баймурзаева Н.Д. «Қырғыстан Ұлттық кітапханасы: болашаққа көзқарас» тақырыбында презентациясымен және Павлодар облысының «кітаптар ескерткіші» баяндамасымен таныстырды. С.Торайғыров атындағы Павладор облысының ОӘҒК. Негізгі қорды сақтайтын бөлімнің жетекшісі Гончарова М.Л. «Тұжырымдамадан іске асыруға дейін» презентациясын көрсетті. Тыңдалған баяндамалардың бәрі деректі әрі қызықты болды. Баяндама оқығандар қойылған сұрақтардың бәріне жауап берді.
   Аймақтық орталық ИФЛА/ПАК отырысын ҚР Ұлттық кітапханасы директорының ғылым жөніндегі орынбасары Юсупова А.Х. ашып,  Орталықтың жұмыстары мен оның әрі қарайғы жоспарларын айтты. Талқылаудан кейін келешектегі өркендеу туралы екі жақты өзара келісім шарттарға қол қойылды. Секция жұмыстары жөнінде бірауыздан шешім қабылданды. Осылайша уақтылы, әрі өнімді іс-шара өтті. 
  
     
                  
     
 
     
 

«« | »» « Артқа | Барлық жаңалықтар
  Соңғы жаңалықтар
29.11.18 2018 жылғы 29 қарашада ҚР Ұлттық кітапханасының Қалпына келтіру, консервация және түптеу қызметінің мамандары Нұрғазы Шалқар мен Габдолова Элеонора Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайына барып «Мәдени мұраны сақтау және қалпына келтіру мәселелері», атты республикалық ғылыми-тәжірибелік семинарға қатысып қайтты.
19.10.18 2018 жылғы 8-19 қазан аралығында Жазба құжаттарды консервациялау және қалпына келтіру мектебінде Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы кітапханасының жетекшісі Б.Д. Дүйсекова тағылымдамадан өтті.   
15.09.18 2018 жылдың 11-15 қыркүйегі аралығында Қ.Р Ұлттық кітапханасының қалпына келтіру, консервация  және түптеу қызметінің жоғары деңгейлі кітапханашысы Нұрғазы Шалқар және қорларды сақтау қызметінің жоғары дәрежелі, жоғары деңгейлі кітапханашысы Тоқтарова Жанар Армения елінің астанасы Ереван қаласындағы Матенедаран деп аталатын көне қолжазбалар институтында өткен «Лики Памяти. Новейшие технологии сохранения и восстановления рукописного и печатного наследия» атты VIII Халықаралық ғылыми-тәжірибе...