Жаңалықтар

  15.09.18
 

   2018 жылдың 11-15 қыркүйегі аралығында Қ.Р Ұлттық кітапханасының қалпына келтіру, консервация  және түптеу қызметінің жоғары деңгейлі кітапханашысы Нұрғазы Шалқар және қорларды сақтау қызметінің жоғары дәрежелі, жоғары деңгейлі кітапханашысы Тоқтарова Жанар Армения елінің астанасы Ереван қаласындағы Матенедаран деп аталатын көне қолжазбалар институтында өткен «Лики Памяти. Новейшие технологии сохранения и восстановления рукописного и печатного наследия» атты VIII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинарға қатысты. 

   5 күн ішінде семинарға ТМД елдерінен, Балтық, Грузия, Германия, Латвия, Литва және Армениядан мамандар қатысты. Қатысушылардың баяндамаларында мәдени құндылықтарды қалпына келтіру және кітаптарды қалпына келтірудегі тәжірибелік әзірлемелердегі соңғы инновациялық технологиялар туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар қорларды сақтаушылардың жұмыстары және құжаттарды сандық форматқа көшіру, элетрондық нұсқаларын жасау қарастырылды.
   Нұрғазы Шалқар «Сохранность документального наследия - одна из основных задач Национальной библиотеке Республики Казахстан» тақырыбына баяндама оқыды. Ал қорларды сақтау қызметінің кітапханашысы Тоқтарова Жанар «Вопросы обеспечения сохранности библиотечных фондов в Национальной библиотеке Республики Казахстан» тақырыбында баяндамасын баяндады. Сонымен қатар шетелдік жетекші қалпына келтірушілердің қатысуымен мастер-класстар өткізілді. Армения Ұлттық галереясына, кітапханасына экскурсия жасалды. Токтарова Жанар мен Нұрғазы Шалқарды семинардың жетекшісі Ара Хзмалян алғыс хаттарымен марапаттады.

     

     
 



«« | »» « Артқа | Барлық жаңалықтар
  Соңғы жаңалықтар
29.11.18 2018 жылғы 29 қарашада ҚР Ұлттық кітапханасының Қалпына келтіру, консервация және түптеу қызметінің мамандары Нұрғазы Шалқар мен Габдолова Элеонора Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайына барып «Мәдени мұраны сақтау және қалпына келтіру мәселелері», атты республикалық ғылыми-тәжірибелік семинарға қатысып қайтты.
19.10.18 2018 жылғы 8-19 қазан аралығында Жазба құжаттарды консервациялау және қалпына келтіру мектебінде Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы кітапханасының жетекшісі Б.Д. Дүйсекова тағылымдамадан өтті.   
15.09.18 2018 жылдың 11-15 қыркүйегі аралығында Қ.Р Ұлттық кітапханасының қалпына келтіру, консервация  және түптеу қызметінің жоғары деңгейлі кітапханашысы Нұрғазы Шалқар және қорларды сақтау қызметінің жоғары дәрежелі, жоғары деңгейлі кітапханашысы Тоқтарова Жанар Армения елінің астанасы Ереван қаласындағы Матенедаран деп аталатын көне қолжазбалар институтында өткен «Лики Памяти. Новейшие технологии сохранения и восстановления рукописного и печатного наследия» атты VIII Халықаралық ғылыми-тәжірибе...