Жаңалықтар

  29.11.18
 

   2018 жылғы 29 қарашада ҚР Ұлттық кітапханасының Қалпына келтіру, консервация және түптеу қызметінің мамандары Нұрғазы Шалқар мен Габдолова Элеонора Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайына барып «Мәдени мұраны сақтау және қалпына келтіру мәселелері», атты республикалық ғылыми-тәжірибелік семинарға қатысып қайтты.

   Семинар жұмысы мұражайдың көрмелер залымен танысудан басталды. Семинарға еліміздің түкпір-түкпірінен мұражайтану бойынша мамандар кітапханашылар, тарихшылар, отандық ғалымдар мен оқу орындарындағы мұражай жетекшілері қатысты. Семинар барысында баяндамалар оқылып, қорды сақтаудың өзекті мәселелері талқыланды. Қатысушылар мәдени мұраларымызды сақтаудағы және құнды жәдігерлерімізді қалпына келтірудегі тың ойлары мен ұсыныстарын ортаға салып, пікірлер алмасты. Семинардан соң Арыстанбаб кесенесі мен Отырар елді мекеніне  экскурсия жасалды.
   Семинарды Отырар қорық-мұражайы директорының орынбасары С.Ш. Ақылбек қорытындылап, қатысушы қонақтарды сертификаттармен марапаттап, алғысын білдірді. Кітапхана мамандарына семинарға қатысу жаңа серпін, шығармашылық ізденістер сыйлады.

     

     

                                           

  


«« | »» « Артқа | Барлық жаңалықтар
  Соңғы жаңалықтар
29.11.18 2018 жылғы 29 қарашада ҚР Ұлттық кітапханасының Қалпына келтіру, консервация және түптеу қызметінің мамандары Нұрғазы Шалқар мен Габдолова Элеонора Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайына барып «Мәдени мұраны сақтау және қалпына келтіру мәселелері», атты республикалық ғылыми-тәжірибелік семинарға қатысып қайтты.
19.10.18 2018 жылғы 8-19 қазан аралығында Жазба құжаттарды консервациялау және қалпына келтіру мектебінде Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы кітапханасының жетекшісі Б.Д. Дүйсекова тағылымдамадан өтті.   
15.09.18 2018 жылдың 11-15 қыркүйегі аралығында Қ.Р Ұлттық кітапханасының қалпына келтіру, консервация  және түптеу қызметінің жоғары деңгейлі кітапханашысы Нұрғазы Шалқар және қорларды сақтау қызметінің жоғары дәрежелі, жоғары деңгейлі кітапханашысы Тоқтарова Жанар Армения елінің астанасы Ереван қаласындағы Матенедаран деп аталатын көне қолжазбалар институтында өткен «Лики Памяти. Новейшие технологии сохранения и восстановления рукописного и печатного наследия» атты VIII Халықаралық ғылыми-тәжірибе...