Әдістемелік әдебиет

  18.10.13
 

Кітапхана қорларын қалпына келтіру және түптеу жұмыстарының негізі: Әдістемелік ұсыныс  / ҚР Ұлттық кітапханасы; құраст. Р.Н. Биғазиева, ред.: Г.Т. Рахимжанова, Г.А. Маханбетова; жауапты ред. К.К. Қоштаева, Б.Ш. Шаймерденова.- Алматы, 2013. - 66 б.

   "Кітапхана қорларын қалпына келтіру және түптеу жұмыстарының негізі" атты осы әдістемелік ұсыныс Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасындағы құжаттарды қалпына келтіру және түптеу ісіне байланысты атқарылатын жұмыстардың іс-тәжірибесі негізінде дайындалды. Республикадағы Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты кітапханаларда кітаптарды қалпына келтірудің, түптеудің арнайымамандары жоқтың қасы. Сондықтан да, кітапханашылар қажет болған жағдайда құжаттарды қалпына келтіру және түптеу жұмыстарымен айналысады.

   Әдістемелік ұсыныста негізі қағаздан дайындалған құжаттардың бүлінуінің себептері және оның алдын - алу жолдары, қалпына келтіру мен түптеу жұмыстарының қарапайым үдерістері, технологиялық әдістері берілген.

   Басылым кітапхана ісі саласының қалпына келтіруші мамандарына арналған.


«« | »» « Артқа | Барлық жаңалықтар
  Соңғы жаңалықтар