Тағылымдама

  26.07.11  
 
2011 жылы 6 - 24 маусым аралығында  ҚР Ұлттық кітапханасында шығыс қолжазбалары мен кітаптарын қалпына келтіру және түптеу жөнінде тәжірибелік семинар өткізілді. Семинар  ЮНЕСКО-ның Кластерлік Бюросының қолдауымен жүзеге асырылды.  Толығырақ
  11.10.12  
 
2012 жылғы 8-10 қазан аралығында Қалпына келтіру және түптеу қызметінің жетекшісі Вершина Е.В. ЮНЕСКО/ИКОМ  ТМД елдерінің мұражай мамандарына арналған «Превентивті консервация – мұражай коллекциялары: қолжазба қорын сақтаудың негізгі алғышарты» атты аймақтық тақырыптық тренингіне қатысып қайтты (Ереван қаласы, Армения)  Толығырақ
  18.12.12  
 
2012 жылы 2-17 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы Консервация қызметінің  қалпына келтіруші  маманы Быдышев Б.Ж. Москва қаласында Ресей Ұлттық кітапханасының Кітапхана қорын қалпына келтіру бөлімінде «Сирек кітаптар мен қолжазбалар» тақырыбы  бойынша тәлімгерліктен өтті.   Толығырақ
  11.10.12  
 
2012 жылы 7-11 қазан Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Консервация қызметінің жетекшісі, химия ғылымдарының кандидаты Сарсенбаева Б.Ш. «Лики памяти. Новейшие технологии  сохранения и восстановления рукописного и печатного наследия» тақырыбында  Ереван қаласында өткен (Армения) 2-ші Халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинарға қатысып қайтты. Семинар Месроп Маштоц атындағы Матенадаран ежелгі қолжазбалар ғылыми-зерттеу институтында өткізілді.  Толығырақ
  28.04.15  
 
2015 жылы 23-24 сәуірде Бурсы қаласының (Турция) Қолжазбалар институтының реставраторы, тарих магистрі, көне кітаптар жөніндегі  маманы Гузрель Билмиз Жазба құжаттарды консервациялау және түптеу мектебіне  сапармен келді. Кездесу барысында Ұлттық кітапхананың қалпына келтіру, консервация және түптеу қызметінің реставраторларына шеберлік кластар ұйымдастырып, өткізді.   Толығырақ
  16.10.15  
 
2015 жылы 12-16 қазанда Жазба құжаттарды консервациялау және қалпына келтіру мектебінде Ресей Мемлекеттік  кітапханасының  маманы И.Г.Локоткова шығыс қолжазбаларын қалпына келтіру бойынша халықаралық тәжірибелік семинар өткізді.   Толығырақ